Кітапхана Ақтөбе қаласындағы бұрынғы ашылған кітапханалардың қатарына жатады. Еңбекшілер депутаттары қалалық Советі атқару комитеті Президиумының 1937 жылғы 9 ақпанындағы қаулысының №9 парағына сәйкес қалалық кітапханаға А.С. Пушкиннің аты берілді. Кітапхана Риддер көшесіндегі №12 үйде, №15 мектептің ғимаратында орналасты. Көлемі 48 шаршы метр, кітап қоры – 10787 дана болған. Штат бойынша екі адам жұмыс жасаған (01.06.1951 ж. мәлімет).
1963 жылға дейін осы мекен жайда орналасқан, содан кейін кітапхана Солнечная көшесіндегі №5 үйде орналасқан. 1981 жылы теміржол вокзалы жанындағы Кереев көшесіндегі №2 ғимаратқа көшірілген. Осы жылы тағы да көшіріліп, қазіргі таңға дейін Алтынсарин көшесіндегі №28 үйде орналасқан.
№2 А.С.Пушкин ат.қалалық кітапхананың меңгерушісі - Сарсенбаева Венера Нуртаевна.
Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Алтынсарин көшесі 28