№5 С.Я.Маршак атындағы қалалық балалар кітапханасы 1964 жылдың 1 сәуірінде Теміржол ауданының № 84 үйінде өзінің жұмысын бастады. 1965 жылы бұрынғы «Коммунистическая», қазіргі Ы.Алтынсарин көшесіндегі №35 үйге көшті. 1972 жылы (Бау-бақша көшесі) қазіргі Хиуаз Доспанова №51 «А» үйіне қоныстанды.
Кітапхана ғимараты 2 қабатты. Көлемі 241,2 ш.м. 2-ші қабатында оның 120,6 шаршы метрінде балалар кітапханасы орналасқан, қалған көлемінде 1998-2012 жж. №1 Абай атындағы қалалық кітапханасы орналасып, оқырмандарға қызмет көрсеткен. Кітапхананың алғашқы меңгерушісі 1972 - 1998 жылдар аралығында Кравчук Валентина Павловна, одан кейін 1998 - 2011 жылдар аралығында кітапхананы қабылдап алған кітапхана меңгеруші қызметін Тулеуова Гулзада Шамшадинқызы атқарған. 2012 жылдан бастап қазіргі кітапхананың меңгерушісі Кеншинбаева Ақжібек Шындәулетқызы.
№5 С.Маршак атындағы қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі – Кеншінбаева Ақжібек Шындаулетовна
Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Х.Доспанова көшесі, 51 «А»