Басып шығару
Категория: Жаңалықтар
Қаралды: 50

23 мамыр күні сағат 17.00 – 21.00 аралығында Триатлон саябағында «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қолдауымен «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының құрылғанына 155 жыл толуына орай «Кітапхана әдебиет әлемінде» атты кейіпкерлер түні мен поэзия кешін ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты: қала тұрғындары мен қонақтарын, жастарды кітап оқуға құмарлығын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін арттыру және заманауи жаңа кітаптарды насихаттау.

Шара барысында алаңдарда «Абай және Пушкин», «Шығармашылық алаңы», балаларға арналған «Ғажайыптар алаңы», «Поэзия алаңы» ұйымдастырылып, әдеби шығармалардан көріністер көрсетілді. Әр алаңда ерекше форматта өткізілген, оқырманға рухани білім мен демалыс сыйлаған тағылымды шаралар өз оқырмандарын қызықтырып, ерекше көңіл күйге бөледі. Түрлі викториналар, ойындар оқырмандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жанға жайлы демалыспен қатар рухани нәр берер кітаптармен кеңінен танысуға мүмкіндік берді. Шығармашылық алаңында жазушы Зияш Телеуованың «Махаббаттың ажалы» шығармасынан үзіндісі көпшіліктің көңілінен шығып, керемет әсер сыйлады.

Сырға толы кеш барысында қаламыздың өлең сүйер оқырмандары Астана саябағында бас қосты. Ашық аспан астында, еркін форматта ұйымдастырылған поэзия кешіне поэзия клубтары да қатысты. Сонымен қатар қағаз бен қаламды жанына серік еткен ақындар Лаура Палман, Гүлжайнар Қалдина т.б. оқырман қауымы өз өлеңдерімен халықтың жүрегінен орын алды.

«Букроссинг» көрмесі, «Абайды оқы, таңырқа!», «Он наш поэт, он – наша слава!», «Поэзия – тұтас өнер», «Болашағы жарқын, елдің ұрпағымыз» атты тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылып, қалалық кітапханалардың жадынамалары, жарнамалық парақшалары ұсынылды.

WhatsApp Image 2024 05 24 at 13.59.56

WhatsApp Image 2024 05 24 at 14.00.03

WhatsApp Image 2024 05 24 at 14.00.10

WhatsApp Image 2024 05 24 at 14.00.16

WhatsApp Image 2024 05 24 at 14.00.21