Басып шығару
Категория: Жаңалықтар
Қаралды: 28

07 қараша күні №5 С.Я.Маршак атындағы қалалық балалар кітапханасында кітапхананың құрылғанына  60 жыл толуына  орай «Білімнің ғажайып ордасы» атты салтанатты кеш өтті.

Кештің құрметті қонақтары жазушылар одағының мүшесі, ақын, сазгер, аудармашы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі», тележурналист Г.Т.Аймаханова және  ұзақ жыл кітапхана саласында қызмет жасаған зейнеткерлер келіп өздерінің жылы лебіздерін айтты. Облыстық Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасының  директоры Кашкенова Э.С. және  «Қалалық қазақ зағиптар қоғамы мәдениет үйінің» директоры А.Жарылқасынұлының құттықтау тілектері әнмен жалғасты. Кеш барысында серіктес №12 және №33 орта мектептердің  оқырмандары  күй тартып, би билеп өнерлерін көрсетті. Сонымен бірге серіктес мекемелердің басшыларының атынан кітапханаға алғыс хаттар табысталды. Қорытынды сөзді «ҚОКЖ» КММ директоры Салиева Г.Н. сөз сөйлеп алғысын білдірді.

WhatsApp Image 2024 11 08 at 14.05.08                     WhatsApp Image 2024 11 08 at 14.05.16

WhatsApp Image 2024 11 08 at 14.05.26

      WhatsApp Image 2024 11 08 at 14.05.33            WhatsApp Image 2024 11 08 at 14.05.52