ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Қай салада болсын, жанқиярлық еңбек пен табандылық қана жеңіске жетелейді. 17 қаңтар күні М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада Қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау мақсатында «Ел ертеңі өркендеуге бағдар» дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шара қонақтары: Қалалық мәслихатының депутаты Кеңес өңдерістік цех басшысы Молдагазин Азамат, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Жастар саясаты департаментінің директоры Нарқозы Есенкелдіұлы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің математика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Асқарбек Ермекұлы, Ақтөбе қалалық жастар ресурсының орынбасары Заманай Қайнарұлы, Ақтөбе политехникалық колледжінің директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Асылбек Амантайұлы, «Шаңырақ» отбасылық клубының төрағасы Жылқыманов Хайрулла, ТОО «Энергиясистема» жетекші инженер Ақылбек Семетеевич. Акционерлік қоғам «Aqtobe su-energy group» электромонтері Бақытқали Балайұлы, «Aqtobe su-energy group» акционерлік қоғамының слесарь-жөндеуші Нуркен Есенович, Қарғалы қалалық ауруханасы медбикесі Маусымжан Аянқызы, Ақтөбе өңіріне белгілі «Ваниль» тәттілер әлемінің маманы Майлыбай Мейрамгул, АЗФ зауытының кран жүргізушісі Аққалқа Болатбекқызы, Ақтөбе құрылыс техникалық колледж ұстаздары Еркінғали Мухиадинович, Артур Асқарұлы, Абдрахман Айсагинович, Жансая Бердібекқызы, Ақтөбе гуманитарлық техникалық колледж ұстаздары Туленова Гулназ, Бағдат Акжигитовна.
Шара барысында «Ең қадірлі кісі-еңбек адамы» атты кітап көрмесі таныстырылды. Ақтөбе телеарнасына жұмысшы мамандық иелері сұхбат берді. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандардан оқырмандар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.