Басып шығару
Категория: Жаңалықтар
Қаралды: 10

19 сәуір күні М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, драматург Қуандық Шаңғытбаевтың 100 жылдығына орай «Маржан жырдың мәртебелі дегдары» атты кездесу кеші өтті.

Шараның мақсаты: Оқырмандарға Қарабұтақ өлкесінің төл перзенті, тума талант, дарынды ақын Қуандық Шаңғытбаевтың өмірі мен шығармашылығынан жан-жақты мағлұмат беру, ақынның әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, жас буынға рухани тәрбие беру және ұлттық әдебиетіміздің көрнекті тұлғасын таныту.

Кешке ақынның қызы – Гаухар Қуандыққызы, немере қарындасы Алтынай Қуанышқызы, немере інісі – Нұрмұханбетов Берік Бегімұлы, Қазақстан Жазушылар одағының Ақтөбе облысы бойынша филиалының төрағасы Құрмет орденінің иегері, ақын Бауыржан Құрманқұлов, Мәдениет қайраткері, Ақтөбе облысының Құрметті азаматы, сөз зергері Еркін Құрманбеков, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, елімізге белгілі ақын,  көсемсөз шебері және аудармашы Мейірхан Ақдәулетұлы, Қарабұтақ ауылдық музейінің бөлім басшысы – Жақсылықова Зейнеп Айжарыққызы, Қарабұтақ ауылының құрметті азаматшасы – Зоя Мекетайқызы, сондай-ақ өлкелік ақын-жазушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты.

Кеш барысында ақын Бауыржан Құрманқұлов, Еркін Құрманбеков, Мейірхан Ақдәулетұлы ақынның өмірі турасында ой қозғап, естеліктерін ортаға салды. Қала әкімінің орынбасары Ә.Оралбаев ақын шығармашылығының жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде өзектілігін айта келе, қонақтарға алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады.

 

13051

13052

13053

13054

13055

13056

13057

13058

13059