Басып шығару
Категория: Жаңалықтар
Қаралды: 10

16 қаңтар күні №1 Абай ат.қалалық кітапханада ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуымен қатар «Абай» интерактивті Смарт жобасының бастау алуына байланысты кітапханада «Ғасырлар үндестігіндегі рухани мұра» атты мерекелік шара өткізілді. Шараға кітапхана оқырмандары мен серіктес мектеп оқушылары, кітапхана қызметкерлерімен қатар Абайтанушы, зейнеткер Қуанышбай Көнтай ағай, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері, абайтанушы Ермұқан Қыдырғали Мухитұлы, Жұбанов университетінің қазақ әдебиет кафедрасының оқытушысы, PhD  Сұлтанғалиева Ольга Қашымқызы, «Айсын» радиожурналистика мектебінің негізін қалаушы Байтакова Айсын Мүрсінқызы қатысты. Келген қонақтар мен оқырмандар Абай Құнанбаев туралы өз ойларын, пікірлерін жастарға насихаттады. Оқушылар Абайдың өлеңдерін жатқа айтып, домбырамен күйлер орындалып, әндер шырқалды. Шара соңында қатысушыларға шағын сыйлықтар берілді.

 q11305

q211305

q311305

q411305

q511305