15 қазан күні М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада «Жүз кітап – жүз тағдыр, жүз ғибрат» атты ашық пікір алаңы өтті. Шарада 100 кітап жалпыұлттық сауалнамасы аясында кітапхана оқырмандары мен кітапсүйер қауым бас қосты. Оқырмандарға «Ұлт рухын оятқан - 100 кітап» кітап көрмесі жасақталып үш тілде таныстырылды. С.Елубаев «Ақ боз үй», Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесін», Ш.Мұртаза «Ай мен Айша», Б.Майлин «Шұғаның белгісі», Б.Момышұлы «Ұшқан ұя», Т.Айбергенов «Бір тойым бар» Ж.Аймауытов «Ақбілек» т.б. романдары талданды.
Оқырмандар сауалнама аясында ұсынылған кітаптардың мазмұны, көркемдік ерекшелігі мен ұрпаққа берер тағылымы жайлы ой бөлісті. Кітап-ой мен сананың тұнығы. Әсіресе, көркем әдебиет адамның жан дүниесін тәрбиелеп рухани байытуға әсер етеді. Оқырмандарға оқуға ұсынылатын 100 кітаптың тізімі бар кітапша таратылды.




