24 қазан – Кітапханашылар күніне орай 24 қазан күні Қарғалы тұрғын үй алабындағы №6 модельді кітапханада «Сан ғасырдың құпиясын сақтаған» атты мерекелік шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – кітапханашылар еңбегінің қоғамдағы маңызын насихаттау, рухани және мәдени құндылықтарды сақтаудағы кітапханашылардың рөлін атап өту, сондай-ақ сала мамандарына құрмет көрсету.
Іс-шараға Алматы ауданы әкімшілігі, «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Бисенгалиева Г.К., «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Табылдинова Н.С., Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің «Кітапхана ісі» бөлім меңгерушісі Даулеткалиева Г.Қ., қалалық мәдениет үйлерінің директорлары, серіктес мектептердің ұстаздары, кітапхана зейнеткерлері, оқырмандар қатысты.
Мерекелік кеш барысында кітапханашыларды құттықтап және алғыс хаттар табысталып, «Геолог» мәдениет Үйінің өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Кітапханалардың жылдық есебі қорытындыланып, сала ардагерлері естеліктерімен бөлісті.
«Сан ғасырдың құпиясын сақтаған» атты шара кітапхана саласы қызметкерлерінің қажырлы еңбегін дәріптеуге бағытталған, рухани мазмұны терең, тағылымды кездесу болды.








