Басып шығару
Категория: Жаңалықтар
Қаралды: 35

26 қаңтар күні №1 Абай атындағы қалалық кітапханасының  ұйымдастыруымен Ақтөбе өңірінен шыққан талантты, белгілі тұлғаларды насихаттау мақсатында «Келбет» talking  жобасы аясында Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Жұлдызым» және «Ақын мен ақыл» кітаптарының авторы  Қожабекова Жұлдыз Қазиханқызымен «Келбет пен кеудедегі үн» атты ашық сұхбат  кездесу өтті. Кездесу кешіне Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің саз бөлімі, қазақ тілі және әдебиет, бастауыш білім беру, дене шынықтыру топ студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында ақын, айтыскер туралы шығармашылығы өмірі туралы бейнероликтер көрсетіліп,  саз бөлімінің студенті Серік Жұлдызай «Гүлмін»,  №30 орта мектеп 8 «а» сынып оқушысы Жақсығалиев Ерасыл халық әні «Жадаукөк» әндерін орындады. «Айсын» радиожурналистика  мектебінің оқушысы Бағжан Қайратқызы ақынның «Жусан жыр» өлеңін мәнерлеп оқыды. «Өлке рухы ақындар жүрегінде» кітап көрмесі жасақталды.