Басып шығару
Категория: Жаңалықтар
Қаралды: 57

22 қаңтар күні Алтынсарин көшесінде орналасқан Қазақстан аялдамасында қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Аялдамадағы әдеби әлем» жобасының ашылуы өтті.

Жоба мақсаты кітап оқуды насихаттау – кез келген адамның кітапқа қолжетімділігін арттыру. Қоғамдық мәдениетті дамыту. Қала тұрғындарының автобус күту уақытын тиімді өткізуге ықпал ету.

Шараға қала тұрғындары мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Мемлекет басшысы «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек» деген болатын.  Алғаш рет «Ұлттық кітап күнін» белгілеу идеясы аясында 100 таңдаулы кітапты насихаттауға арналған жалпыұлттық сауалнама өткізілді. Сауалнамада таңдалған 100 кітапты насихаттауға, тұрғындардың күнделікті қоғамдық көлік күту уақытын пайдалы әрі мазмұнды өткізуіне мүмкіндік жасау, кітап оқуға қызығушылықты арттыру және қала кеңістігін жандандыру мақсатында, қаламыздың мәдени өмірінде жаңа әрі тың бастама – «Аялдамадағы әдеби әлем» жобасы өз жұмысын бастады. Аялдамада қала тұрғындар QR-код арқылы сауалнамада таңдалған 100 кітаптың толық нұсқада оқи алады. Еркін кітап алмасу бұрышы буккроссинг орналастырылды. Өзіндегі артық немесе сүйікті кітаптарын ортақ сөреге қалдырып, басқа оқырманға қуаныш сыйлай алады. «Аялдамадағы әдеби әлем» – қала мәдениетін дамытуға, көпшілік арасында кітап оқуды насихаттауға бағытталған жоба. Қала тұрғындары қызығушылық танытып, буккросинг сөресінен кітап алып, өздеріне ұнаған кітаптарын жүктеп алып оқыды.