5 ақпан күні №2 А.С.Пушкин ат.қалалық кітапханада 2 ақпан - Ұлттық баспасөз күніне арналған «Жаңалық жаршысы - ертеңнің сәулесі» тақырыбымен Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығының баспасөз маманы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Қонақбаева Нұргүл Ысқаққызымен сыр-сұхбат өтті.
Мақсаты: Баспасөз қызметкерлерінің еңбегін насихаттау, сөз құдіретін, журналистиканың қоғамдағы рөлін көрсету.
Шара барысында Нұргүл Ысқаққызы журналистикаға қалай келгендігі жөнінде, алғашқы мақаласы жарық көргенде қандай сезімде болғаны туралы айта кетті. Сіз үшін ең қиын, бірақ ең есте қалған материал, қалам - аманат, осы жауапкершілікті қалай сезінесіз, қазіргі жас журналистерге қандай кеңес бересіз, бір мақаламен қоғамды өзгертуге бола ма және т.б. сұрақтарға жауап берді. «Ұлттық баспасөздің тарихы» атты бейнеролик көрсетілді. «ЖИ-ге қарап сөзді тап!» ойыны ойнатылды. Журналистің мерзімді басылым беттеріндегі мақалаларынан «Баспасөз - қоғам айнасы» атты көрме жасақталды. Н.Ысқаққызы жазушы Ромен Ролланның «Жан Кристоф» кітабын кітапханаға сыйлады.