4 наурыз күні М.Ломоносов ат.қалалық орталық кітапханада кітапханашылардың кәсіби және шығармашылық қабілеттерін анықтап, қоғамда кітапханашы бейнесін заманауи, білімді, парасатты тұлға ретінде насихаттау мақсатында «Кітапхана аруы – 2026» байқауы жас кітапханашылар арасында өтті.
Байқау 4 кезеңнен тұрды. «Мен – кітапхана аруымын» қатысушылар өздерін ерекше форматта таныстырып, «Интеллект алаңы» кезеңінде қатысушыларға әдеби және кітапхана саласына қатысты сұрақтар қойылып, «Шығармашылық шабыт» кезеңінде қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, «Образ арқылы кейіпкер» кезеңінде қатысушылар бір әдеби кейіпкер образын сомдап шықты.
Байқауға 5 маман қатысты. №2 А.С.Пушкин атындағы қалалық кітапхана кітапханашысы Жолан Нұрсұлу Ғалымжанқызы бас жүлдені иеленсе, №1 Абай атындағы қалалық кітапхана меңгерушісі Сәбиева Үзілхан Жанатқызы 1 орынмен марапатталды. 2 орын иегері Қарғалы тұрын үй алабындағы №6 модельді кітапхана қызметкері Сапабекова Гүлназ Елікқызы және 3 орын иегері №13 қалалық кітапхана кітапханашысы Ақрапова Жанар Ералықызы. №5 С.Маршак атындағы қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы Біршілік Аяжан Әлібайқызы «Шығармашыл ару» номинациясымен марапатталды.
Байқауға демеушілік жасап, жас кітапханашылардың шығармашылық бастамаларына қолдау білдірген кітапхананың тұрақты оқырмандар Кубланов Мират Мұратұлы мен Баймурзина Алтыншаш Балтабайқызы бағалы сыйлықтармен марапаттады.