Басып шығару
Категория: Жаңалықтар
Қаралды: 20

02 сәуір күні №5 С.Я.Маршак атындағы қалалық балалар кітапханасында 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, аудармашы Әнуарбек Дүйсенбиевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Балалардың сырбаз ақыны» атты  кеш өтті.

Шараның қонағы жергілікті ақын, жазушылар одағының мүшесі Қуанышова Гүлімай Әбішқызы. Ақын Әнуарбек Дүйсенбиевтің өмір жолымен, шығармаларымен таныстырып бейнеролик көрсетілді. Ақынның  өлеңіне жазылған әндерін серіктес мектептің оқушылары орындады. №15 І.Есенберлин атындағы қазақ жалпы білім беру мектебінің оқырманы  «Ақ мама» атты әнін орындады. Сонымен қатар №33, №68 Ж.Тәшенов атындағы қазақ жалпы білім беру мектебінің оқырмандары ақынның өлендерін жатқа айты.  №44 Тұлпар  балабақшасының кішкентай бүлдіршіндері  «Ақ сүтің ақталмай жатса кешір Анам» атты әнін орындады. Гүлімай Әбішқызы жаңа  кітабымен  таныстырып шығармашылығы туралы сұрақтарға  жауап берді. «Құлдыр-құлдыр құлыншақ», «Бақытты баланың кітабы» атты кітаптарына қолтаңбасын қалдырып  кітапхана тарту етті.

  Шара соңында қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің  директоры Салиева Гүлнар Нохымқызы сөз сөйлеп, қонаққа сыйлық табыстап белсенді қатысқан оқырмандарға алғыс хаттар табыстады.