Басып шығару
Категория: Жаңалықтар
Қаралды: 30

«Кітап оқитын ұлт» кітап оқу республикалық марафоны аясында 02 қазан күні М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қолдауымен «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ ұйымдастыруымен «Кітап марафоны – рухани білімнің бастауы» тақырыбымен оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем әдебиетті насихаттау, оқырмандар арасында пікір алмасу арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.

Іс-шараға қалалық кітапханалардың әр түрлі жастағы оқырмандары, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Шарада «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Бисенгалиева Гүлжайна Каздукқызы кітап оқудың адам өміріндегі маңыздылығы мен кітап оқу арқылы білім мен ой-өрісті кеңейтуге, рухани дүниені байытуға және тұлғалық дамуға мүмкіндік беретінін атап өтіп, марафонға қатысушыларға сәттілік тіледі.

С.Бәйішев атындағы әмбебап-ғылыми облыстық кітапхананың маманы Алпысбаева Қызғалдақ Тілектесқызы кітап марафонының шарттарын түсіндіріп оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.

Конференция барысында қатысушылар өздері оқыған шығармалары туралы әңгімелеп, кітаптың мазмұны мен негізгі ойын ортаға салып, оқырмандар арасында пікір алмасу болды.