• 11.jpg
  • 12.jpg
  • 24.jpg
  • 35.jpg
  • __-.jpg
  • __.jpg
  • ___.jpg

Til qazyna  

7448

   

 №1 Абай атындағы қалалық кітапхана

WhatsApp Image 2024 03 26 at 16.45.57

№1 Абай атындағы қалалық кітапханасы алғаш рет кітапхана өз жұмысын 1960 жылы қаламыздағы сүт зауыты аймағындағы 1 бөлмелі үйде бастаған.  1998 жылдың қараша айының 19 жұлдызында Абай атындағы кітапхананың кітап қорының жартысын  №5 және №15 мектептерге беру туралы қаулы шықты.

Сол жылы қалған кітапхана қорын сақтап қалу мақсатында кітапхана №5 С.Маршак атындағы балалар кітапханасының бірінші қабатына көшірілді.

2012 ж. сәуір айында Әлия Молдағұлова даңғылында  орналасқан «Емшан» тұрғын үй комплексінен жалға  орын бөлініп, кітапхана  көлемі 106,0 ш.м. 4 бөлмеге көшірілді. 2022 ж. сәуір айында Шығармашылық академиясына көлемі 200 ш.м. 2 бөлмеге көшірілді.         

№1 Абай атындағы қалалық кітапхананың меңгерушісі - Баймуханова Алия Амантаевна

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Батыс 2, 24 Г (Шығармашылық академиясы)

 

№2 А.С.Пушкин атындағы қалалық кітапхана

WhatsApp Image 2024 03 26 at 16.45.59

Кітапхана Ақтөбе қаласындағы бұрынғы ашылған кітапханалардың қатарына жатады. Еңбекшілер депутаттары қалалық Советі атқару комитеті Президиумының 1937 жылғы 9 ақпанындағы қаулысының №9 парағына сәйкес қалалық кітапханаға А.С. Пушкиннің аты берілді. Кітапхана Риддер көшесіндегі №12 үйде, №15 мектептің ғимаратында орналасты. Көлемі 48 шаршы метр, кітап қоры – 10787 дана болған. Штат бойынша екі адам жұмыс жасаған (01.06.1951 ж. мәлімет).

1963 жылға дейін осы мекен жайда орналасқан, содан кейін кітапхана Солнечная көшесіндегі №5 үйде орналасқан. 1981 жылы теміржол  вокзалы жанындағы Кереев көшесіндегі №2 ғимаратқа көшірілген. Осы жылы тағы да көшіріліп, қазіргі таңға дейін  Алтынсарин көшесіндегі №28 үйде орналасқан.

№2 А.С.Пушкин ат.қалалық кітапхананың меңгерушісі - Сарсенбаева Венера Нуртаевна.

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Алтынсарин көшесі 28

№3 қалалық кітапхана

WhatsApp Image 2024 03 26 at 16.46.00

№3 қалалық кітапхананың негізі қаланған 1987 жыл №5 қалалық кітапхана болып есептеледі. «Қалалық  мәдениет  және  тілдерді  дамыту  бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің  басшысы М.Н.Қорғанбаеваның  2005 жылдың 28 маусымындағы № 14-п бұйрығы  негізінде  №5 кітапхана №3 болып /нөмірі/ өзгертілді.

Кітапханада  1987-1997 жылдар аралығында Колпакова Л.,  1997-2003 жылдар аралығында Аймақова Б.З, 2003-2016 жылдары Турешова Асылай Адилханқызы кітапхана  меңгерушісі  болып  қызмет  атқарған. Турешова А.А. «Конституцияға 20 жыл» мерейтой медалімен 2015 жылы марапатталған. 2016 жылы  кітапхана  меңгерушісі болып  Тамабай Гүлзайда Өтениязқызы, қазіргі  таңда  кітапхана  меңгерушісі 2021 жылдан  бері Нұрымгереева Жанар Казбековна қызмет  атқаруда. 

№3 қалалық кітапхананың меңгерушісі Нұрымгереева Жанар Казбековна

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Ағайынды Жұбановтар көшесі 300/І

     

№4 М.Горький атындағы қалалық кітапхана      

WhatsApp Image 2024 03 26 at 16.45.59

«Ақтөбе  қалалық  мәдениет  және  тілдерді  дамыту бөлімі» ММ  қарасты №4 М.Горький атындағы қалалық кітапхана 1952 жылы 7 маусымның №283-16, Горисполком  шешімімен  Жилгородок  ауданының, Михайлова 24 көшесінде ашылған. Кітапхана 1977 жылдан Маресьева 75 көшесіндегі жанұялық жатақхананың бірінші қабатында орналасқан.

         Кітапхананың ең алғашқы меңгерушісі И.Маурахтан бастап кітапхананың құнды кітаптарының сақталуына, 1974 жылы Д.С.Сәрсенова 1975 -1976 жылдар аралығында Д.А Жиенғалиева, 1997 – 2011 жж Л. П. Кононенко, 2011-2018 жж. Г.Н.Салиева жұмыс істеді. 2018 ж. кітапхана меңгерушісі А.С.Досмуратова қызмет атқарды.

          1977 жылы облыс орталығында мәдениет бөлімінің барлық кітапханалары жиналып №4 филиалы М.Горький атындағы орталықтандырылған кітапхана статусын алды.

         №2 Ақтөбе маслихатының «1997 жылы жергілікті (тұрақты) бюджет» шешіміне сай кітапханалардың жабылуына орай кітап қоры жабық кітапханалар 3 мөлтек ауданы мен А.Гайдар атындағы балалар кітапханаларының қорларымен қосылды.

№4 М.Горький атындағы қалалық кітапхананың меңгерушісі - Досмуратова Айнур Сералиевна  

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жай: Маресьев көшесі 75

 

№5 С.Я.Маршак атындағы қалалық балалар кітапханасы

WhatsApp Image 2024 03 26 at 16.46.01

№5 С.Я.Маршак атындағы қалалық балалар кітапханасы 1964 жылдың 1 сәуірінде Теміржол ауданының № 84 үйінде өзінің жұмысын бастады. 1965 жылы бұрынғы «Коммунистическая», қазіргі Ы.Алтынсарин көшесіндегі №35 үйге көшті. 1972 жылы (Бау-бақша  көшесі) қазіргі Хиуаз Доспанова  №51 «А» үйіне қоныстанды.

Кітапхана ғимараты 2 қабатты. Көлемі 241,2 ш.м. 2-ші қабатында   оның 120,6 шаршы метрінде  балалар кітапханасы орналасқан,  қалған  көлемінде 1998-2012 жж. №1 Абай атындағы қалалық кітапханасы орналасып, оқырмандарға қызмет көрсеткен. Кітапхананың алғашқы меңгерушісі 1972 - 1998 жылдар аралығында Кравчук Валентина Павловна, одан кейін 1998 - 2011 жылдар аралығында  кітапхананы қабылдап алған кітапхана меңгеруші қызметін Тулеуова Гулзада Шамшадинқызы атқарған. 2012 жылдан бастап қазіргі кітапхананың меңгерушісі Кеншинбаева Ақжібек Шындәулетқызы.

№5 С.Маршак атындағы қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі – Кеншінбаева Ақжібек Шындаулетовна

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Х.Доспанова  көшесі, 51 «А»

 

Қарғалы тұрғын үй алабындағы №6 модельді кітапхана

WhatsApp Image 2024 03 26 at 16.46.03

Кітапхана 1975 жылдың 17 ақпанында Ақтөбе аудандық кітапхана ретінде «Геолог» мәдениет үйінде ашылған. Кітапхана «Геолог» мәдениет үйінің жалпы ауданы 25м. кв. екі бөлмесінде орналасқан. Кітапхананың жалпы қоры 2500 кітапты қамтылған. 1978 жылдың 14 наурызында кітапхана Ақтөбе аудандық балалар кітапханасы болып қайтадан ашылып, оқу залы мен абонемент бөлімі жұмыс жасады.

Кітапхана меңгерушілері болып жұмыс жасағандар: Лайкина Дина Назиповна, Байгужинова Ұлжан Айтуғановна, Сармағанбетова Күмісай Жұмашевна, Евтушенко Мария Петровна, Рымбу Светлана, Манепова Алма, Ищанова Канымша Шамшаевна.

1997 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап кітапхана қалалық мәдениет бөлімінің бақылауына ауыстырылып, өз алдына 2 қабатты ғимаратқа көшірілді. 1997 жылдан бастап «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ №6 филиалы болып жұмыс жасайды.

2008 жылы кітапхана күрделі жөндеуден өтіп, №6 Қарғалы елді-мекенді «модельді» кітапханасы болып ашылды.

Қарғалы тұрғын үй алабындағы №6 модельді кітапхананың меңгерушісі Қобландина Ләззат Ғизатқызы

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен жайы: Қарғалы тұрғын үй алабы, Сәтпаев көшесі 77

 

Жарық тұрғын үй алабындағы №7 кітапхана

WhatsApp Image 2024 03 26 at 16.46.02

Жарық тұрғын үй алабындағы №7 кітапхана 1966 жылдан бастап жұмыс жасауда. Сол кездегі құс фабрикасының директоры Фурсова Валентина Николаевна жұмысшылар үшін кәсіподақ ұйымының атынан осы кітапхананы ашқан. 1980 жылы кітапхана Қарғалы ауылдық округіне ауыстырылды. Кітапханашы болып Л.Дильман, В.Д.Емельяновалар жұмыс жасады. Н.Д.Мовила 1986-2011 жылдар аралығында кітапхана меңгерушісі қызметін атқарды.

Кітапхана жатақхананың жалпы көлемі 30 ш.м. 2 бөлмесінде орналасқан болатын. 2011 жылдың күзінен № 41 қазақ орта мектебінің төменгі қабатынан 20 орындық оқу залы бар, жалпы көлемі 56,8 ш.м. жерге орналастырылды. 2012- 2015 жылдар аралығында кітапхана меңгерушісі Алмағамбетова Шынар болды. 2016-2020 жж. Абдыразакова Бибатпа Куантаевна, 2019 жылдан бастап кітапхана меңгерушісі Кенетаева Базаркул Бимухамбетовна қызмет атқаруда.

Жарық тұрғын үй алабындағы №7 кітапхананың меңгерушісі Кенетаева Базаркул Бимухамбетовна

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен жайы: Жарық тұрғын үй алабы, Новостройка көшесі 99

 

Қурайлы тұрғын үй алабындағы №8 модельді кітапхана

WhatsApp Image 2024 03 26 at 16.45.59 1

Қурайлы ауылындағы 1960 жылы құрылған алғашқы кітапхана Георгиевка ауылдық клубында орналасқан. Бұл шағын әрі жайлы бұрыш ауыл тұрғындарының қиын күннен кейін кешкісін бас қосып, кітап оқып, жаңалық тармен бөлісетін, саяси ақпараттың дайтын сүйікті орнына айналды. Ең алғашқы кітапханашы Людмила Головкова күндіз совхозда, кешке кітапханада жұмыс істеді.

1976 жылы кітапхана меңгерушісі болып Ақтөбе мәдени ағарту училищесін бітірген жас маман Котегова Вера Николаевна тағайындалды.

1988 жылы кітапхана Қурайлы мәдениет үйінің ғимаратына көшті.

1996 жылдың мамыр айынан 2011 жылға дейін кітапхана меңгерушісі Уразбаева Нина Григорьевна болды.

1999 жылы Мәдениет үйінің жабылуына байланысты кітапханаға ауылдық әкімдік ғимаратынан 1855 тұрғыны бар 4 оқырманды ғана қабылдай алатын ауданы 36 ш.м. бөлме бөлінді.

2000 жылдан бастап кітапхана қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне көшірілді.

2014 жылдың 19 желтоқсанында №8 Қурайлы ауылдық кітапханасына «модельді» мәртебесі берілді.

2011 жылдың шілде айынан 2016 жылға дейін кітапхана меңгерушісі Бақыт Лиза Қуанышбекқызы болды.

2016 жылдың 19 желтоқсан айынан бастап №8 Қурайлы ауылдық модельді кітапханасы типтік жобадағы Мәдениет үйі ғимаратының 2-ші қабатында қалпына келтіріліп, халық игілігіне пайдалануға берілді.

Қурайлы тұрғын үй алабындағы №8 модельді кітапхананың меңгерушісі Телина Гүлшат Рахимовна

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жай: Қурайлы тұрғын үй алабы, Жеңіс көшесі 31

 

Пригородный тұрғын үй алабындағы №9 модельді кітапхана

WhatsApp Image 2024 03 26 at 16.46.03 1

Пригородный ауылдық кітапханасы 1959 жылы ауылдың көне наубайханасында 4500-дей кітап қорымен ашылған. Алғашқы кітапханашы осы кітапханада 33 жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан Анучина Зоя Григорьевна болды.

1960 жылы кітапхана жаңа ауыл клубының ғимаратына көшті. 1982 жылы Пригородный ауылында Мәдениет үйі пайдалануға беріліп, кітапхана сол жерге көшірілді.

№2 Ақтөбе маслихатының «1997 жылы жергілікті (тұрақты) бюжет»... шешіміне сай кітапханалардың жабылуына орай кітапхана жабылды. Кітап қорын ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша, СХФ Пригородный кеңсесінде қалдырып сақталды.

2006 жылы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 09.06.2006 ж. №1106 қаулысымен Пригородный ауылында «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ №9 кітапхана-филиалы болып ашылды.

2014 жылы 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық бағдарлама бойынша Пригородный селолық кітапханасына жаңа үлгілі «модельді» кітапханасы куәлігі берілді.

Пригородный тұрғын үй алабындағы №9 модельді кітапхананың меңгерушісі Лесова Лайла Шалабаевна

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жай: Пригородный тұрғын үй алабы, Мир көшесі 7

 

Сазды тұрғын үй алабындағы №10 модельді кітапхана

WhatsApp Image 2024 03 26 at 16.46.04

Сазды тұрғын үй алабындағы №10 модельді кітапхана 2006 жылы «Ауыл кітапханасы» бағдарламасы бойынша ауылдық әкімдік ғимаратында ашылды. 2008 жылы күрделі жөндеу жұмысынан кейін кітапхана Сазды мәдениет Үйіне көшіріліп, 2011 жылы «Ауыл кітапханаларын жаңғырту» бағдарламасы бойынша «модельді» кітапхана болып ашылды.

Кітапхана  Сазды мәдениет Үйінің екінші қабатында орналасқандықтан, 2021 жылдың маусым-қазан айларында күрделі жөндеуден өткізілді. Кітапхана ашылғаннан бері кітапхана меңгерушісі болып Искакова Аманслу Тлектесовна жұмыс  жасайды.

Сазды тұрғын үй алабындағы №10 модельді кітапхананың меңгерушісі Искакова Аманслу Тлектесовна

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жай: Сазды тұрғын үй алабы, Өнеге көшесі 3 Б

 

Құрашасай тұрғын үй алабындағы №11 модельді кітапхана

WhatsApp Image 2024 03 26 at 16.46.03 2

Құрашасай тұрғын үй алабындағы №11 модельді кітапханасы 2015 жылы 27 мамыр күні ашылды. Кітапхана ғимараты 1976 жылы салынған бір қабатты ғимаратта орналасқан. Ғимараттың ауданы 111,3 ш.м.

Кітапхана меңгерушісі болып Баймуханова Әлия Амантаевна жұмыс жасады. 2021 жылдан кітапхана меңгерушісі болып Егибаева Толқын Турсынгалиевна қызмет атқарады.

Құрашасай тұрғын үй алабындағы №11 модельді кітапханасының меңгерушісі Егибаева Толқын Турсынгалиевна

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жай: Құрашасай тұрғын үй алабы, Бау-бақша көшесі 19

 

 Нокин тұрғын үй алабындағы №12 кітапхана

WhatsApp Image 2024 03 26 at 16.46.00 1

№12 кітапхана 2008 жылы 23 желтоқсан күні Ақтөбе қаласынан 12 км. жерде орналасқан Қызылжар ауылында салтанатты түрде ашылды.

2008-2016 жылдар аралығында №12 кітапхананың атауы Қызылжар ауылдық кітапханасы аталып, меңгеруші лауазымында Сәрсенбаева Венера Нұртаевна қызмет жасады.

Ауылдық және мектеп кітапханасының бір ғимаратта отырғандығы қолайсыздық тудырғандықтан, №12 кітапхана 2020 жылы желтоқсан айында Кеңес Нокин ауылында толық жөндеуден өткен Нокин ауылдық мәдениет Үйіне көшіріліп, 29 желтоқсанда ашылу рәсімі өтті.

2016 жылдың сәуір айынан бастап кітапхана меңгерушісі Садық Жұлдыз Мұхтарқызы.

Нокин тұрғын үй алабындағы №12 кітапхананың меңгерушісі Садық Жұлдыз Мұхтарқызы

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жай: Нокин тұрғын үй алабы, Клубная 1

 

№13 қалалық кітапхана

WhatsApp Image 2024 03 26 at 16.46.02 1

№13 қалалық кітапханасы 2020 жылы 14 ақпанда Ақтөбе қаласы, Алматы ауданындағы Қарғалы тұрғын алабындағы ЭКСПО ғимаратының 4-ші қабатында ашылды. Сол кезде кітапхана меңгерушісі болып Кульжанова Назерке Алжановна қызмет атқарды.

2021 жылы 1 маусымда №13 қалалық кітапханасы Есет батыр тұрғын алабы 2 мөлтекауданындағы «Талант» қосымша білім беру орталығына көшірілді.

№13 қалалық кітапхана меңгерушісі Ақрапова Жанар Ералықызы

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жай: Қарғалы тұрғын алабы, 2 мөлтекаудан 11«В»

 

М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапхана

WhatsApp Image 2024 03 26 at 16.46.04 1

Қалалық орталық кітапхана 1943 жылы құрылып 20 ш.м. жерде орналасқан. 1965 жылы кітапхананың кітап қоры 25 мың дананы құрады.

1977 жылғы облыс орталығындағы Қалалық мәдениет бөліміне барлық кітапханалардың бірігуінен кейін кітапхана М.Ломоносов атындағы орталық кітапхана статусын алды.

1977 жылдары қала бойынша 15 кітапхана болды, 1997 жылдың 1-ші ақпанынан кейін 1997 жылғы 10.01. өткен 14 сессияның Ақтөбе облыстық 32 маслихатында қабылданған «Ақтөбе облысының 1997 жылғы бюджеті» шешімімен 8 қалалық (4 көпшілік, 4 балалар) кітапханаларын жауып, 22 штаттық бірліктерді қысқарту туралы шешім қабылданды. Осы 1977 жылы облыс орталығындағы Қалалық мәдениет бөліміне қарасты кітапханалардың басын қосқаннан кейін М.Ломоносов атындағы орталық кітапхана деген статус берілді.

Кітапхана 1968 жылы салынған Жангелдин көшесі 78 үйде орналасқан ғимаратта 2022 жылға дейін болды. 2022 жылы мамыр айында Алтынсарин 14 В мекенжайындағы ғимаратқа (бұрынғы «Өлкетану» мұражайы) көшіп келді.

М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапхананың меңгерушісі Байчеркасс Көркем Айқынқызы

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жай: Алтынсарин көшесі 14 В

 

«Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ақтөбе қаласының кітапхана жүйесінің құрылу тарихы 1977 жылдан бастау алады, бұрын дербес 19 қалалық кітапхана (19 көпшілік және 1 балалар кітапханасы) бір жүйеге бірыңғай басшылықпен, қормен, штаттармен, әдебиеттерді жинақтаумен және өңдеумен бірікті. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басында 1943 жылы ашылған М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапхана болды.

Жылдар өтті, оң тәжірибе жинақталды, кітаппен, оқырманмен жұмыс жасаудың формалары мен әдістері қалыптасты. Жұмыстың көптеген әдістері бүгінде жаңа форматта және заманауи технологиялардың көмегімен қолданылады.

1996 жылдан бастап елімізде қаланың кітапхана жүйесі үшін күрделі кезең пайда болды, кітапханалар мен қызметкерлерді қысқарту туралы мәселе туындады. 1997 жылдан бастап оңтайландыру жұмыстары басталып, аудандық және қалалық ОКЖ біріктірілді. Ақтөбе облыстық мәслихатының соңғы 14 сессиясының 32-ші отырысында қабылданған «Ақтөбе облысының 1997 жылға арналған бюджеті» қаулысына сәйкес 8 қалалық кітапхананы (4 көпшілік, 4 балалар) жабу және 22 штаттық бірлікті қысқарту туралы шешім қабылданды. Алайда, қалалық кітапханалар бір орталықтандырылған кітапхана жүйесіне біріктірілген қаланың тиімді мәдени ұйымдарының бірі ретінде өзін ақтады. Осы жылдары қала кітапханаларында халықтың рухани байлығын, тарихи сана-сезімін арттыратын, қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен әдебиетін, республика мен облыстың көрнекті тарихи тұлғаларының өмірі мен қызметін насихаттайтын қоғамдық-маңызды, мәдени-бұқаралық іс-шаралар мақсатты және ауқымды түрде өткізілді. Сонымен Есет батыр, Әйтеке би, Есет Көтібарұлы, Қайдауыл батыр, А.Жұбанов, А.Молдағұлованы еске алуға арналған іс-шаралар, Т.Ахтанов, Қ.Шаңғытбаев, А.Әшімов, И.Жақанов, М.Құрманалиннің мерейтойлық шаралары сәтті өткізілді. Облыста 15 қазан күні «Кітапханашылар күнін» атап өту басталды, бұл бүкіл республика бойынша қолдау тапты. Қайта құру кезінде кітапханалар бүкіл елмен бірге қайта құрылды.

«Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ 2007-2010 жылдар аралығында Мамбетова Сара Ералиқызы басқарды. Осы кезеңде жабық кітапханалардан қалалық кітапханалардың қорларына кітаптар құйылып, оларды орналастырумен Сара Ералиқызы ұжыммен бірге айналысты.

2011 жылдан 2018 жылға дейін және 2020 жылдан 2022 жылға дейін мекемені Кошабаева Бахтлы Кожахметовна, ал 2019 ж -2021 ж. аралығында Раймбаева Құралай Сериковна басқарды. Қазіргі таңда «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры болып Салиева Гүлнар Нохымовна қызмет атқарады.

   

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09