Пригородный ауылдық кітапханасы 1959 жылы ауылдың көне наубайханасында 4500-дей кітап қорымен ашылған. Алғашқы кітапханашы осы кітапханада 33 жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан Анучина Зоя Григорьевна болды.
1960 жылы кітапхана жаңа ауыл клубының ғимаратына көшті. 1982 жылы Пригородный ауылында Мәдениет үйі пайдалануға беріліп, кітапхана сол жерге көшірілді.
№2 Ақтөбе маслихатының «1997 жылы жергілікті (тұрақты) бюжет»... шешіміне сай кітапханалардың жабылуына орай кітапхана жабылды. Кітап қорын ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша, СХФ Пригородный кеңсесінде қалдырып сақталды.
2006 жылы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 09.06.2006 ж. №1106 қаулысымен Пригородный ауылында «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ №9 кітапхана-филиалы болып ашылды.
2014 жылы 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық бағдарлама бойынша Пригородный селолық кітапханасына жаңа үлгілі «модельді» кітапханасы куәлігі берілді.
Пригородный тұрғын үй алабындағы №9 модельді кітапхананың меңгерушісі Даутиева Сарбиназ Жумабаевна
Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жай: Пригородный тұрғын үй алабы, Мир көшесі 7