Ақтөбе қаласындағы қара шаңырақ, руханиятымыз бен мәдениетіміздің алтын ордасы – М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапхананың ашылғанына 80 жыл! Аталған кітапхана бүгінге дейін сындарлы сәттерде сынып кетпей, талай тар кезеңді артқа тастап, халық үшін қалтқысыз қызмет етіп келеді.
80 жылдық мерекеге орай М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада «Шырағы биік киелі ордаға 80 жыл!» атты апталық болып өтті. Төрт күнге жалғасқан шарада жас ұрпаққа кітаптың қадірі мен қасиетін, оның мол қазынасын ұғындыру, рухани орданың тарихын дәріптеп оқырмандар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастырумен қатар кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі кездесулер, ақын-жазушылармен конференция, жастармен дебат, Тахауи Ахтанов театрының қызметкерлерімен сыр-сұхбат ұйымдастырылды.