27 наурыз күні М Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада Ақтөбе қаласының 155 жылдық мерейтойы аясында «Дарабоз» жастар жобасының ұйымдастыруымен «Үйренерім көп менің» атты жас кәсіпкерлермен кездесу кеші өткізілді. Мақсаты: Ақтөбе өңірінде ісін өрге дөңгелеткен жас кәсіпкерлердің тәжірибесімен бөлісіп, жеткен жетістіктерін жастарға, кітапхана оқырмандарына насихаттау. Кәсіппен айналысуға құштар жастардың өз бетінше маркетингтік стратегияларды және бизнес-жоспарды жасау бойынша бағыт-бағдар беріп, сұхбат жүргізу.
Кеш қонақтары Кубланов Мират Муратович тіс дәрігері, Алматова Жұлдыз Камеловна сабыннан букеттер, түрлі тәттілер жасау кәсіп иесі, Жоламан Ерназ, Жоламан Елназ құмыра жасау кәсібі, Бижанов Бақыт жылжымайтын мүлікті жалға беру компаниясының басшысы болды.
Кеш барысында кәсіпкерлер өз кәсібінің қыр-сырларымен, жеткен жетістіктерімен, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Кітапхана оқырмандары өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Кәсіпкерлердің сатудағы шапшаңдығы мен қабілетін анықтау мақсатында «Сату сағаты» ойыны ұйымдастырылды. Кәсіпкерлерге кітаптар таратылды. 5 минут уақыт беріліп, жарнамалап, сату ұсынылды.
Кітапхананың тұрақты оқырманы Мәулетшәріп Құсбек ән шашуын тарту етті. «Кәсіп - бақыттың шырағы, еңбек - ырыстың бұлағы» атты кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды.
Шара соңында қонақтарға Абай Құнанбаевтың Қара сөздері жинақталған кітабы сыйға табысталды.