11 маусым күні «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Ақтөбе қаласының 155 жылдығына және «KitapFest – 2024» кітап фестиваліне орай Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы алаңына «Кітапхана әдебиет әлемінде» атты поэзия кешін ұйымдастырып «Эко гараж» безендірді.
Қурайлы тұрғын үй алабындағы №8 модельді кітапхананың жанынан құрылған «Шығармашылық шеберхана» үйірмесі, Сазды тұрғын үй алабындағы №10 модельді кітапхананың «Қылқалам» үйірмесі, Нокин тұрғын үй алабындағы №12 кітапхананың «Өз қолыңмен» үйірмесі қатысушыларының қолдан жасалған бұйымдарынан көрме жасақтады (табиғи заттар, пластик, ағаш, түрлі қағаз т.б.). Сонымен қатар кітапханашылар келушілердің кітап фестивалінен естелікке суретке түсу үшін мүмкіндігінше заманауи фотозона құрастырды.
Шара барысында алаңда жергілікті жазушы Сағадат Ордашевамен сыр-сұхбат өтіп, шығармашылық көріністер көрсетілді, поэзия оқылып, түрлі ойындар ойналды.