• 11.jpg
  • 12.jpg
  • 24.jpg
  • 35.jpg
  • __-.jpg
  • __.jpg
  • ___.jpg

Til qazyna  

7448

   

23 сәуір күні Астана саябағында Ұлттық кітап күніне орай «Кітап-даналық кілті» атты кітап фестивалі ұйымдастырылды.

Фестивальдің негізгі мақсаты: қала тұрғындары мен қонақтарын кітап оқуға баулу, жастардың рухани мәдениетін арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар заманауи және классикалық әдебиетті насихаттау, оқырман мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және зияткер ұлт тәрбиелеуге өз үлесін қосу. Шара аясында кітаптың адам өміріндегі маңызын дәріптеу, жас буынды көркем әдебиетке қызықтыру, бос уақытты пайдалы әрі мазмұнды өткізуге ынталандыру.

Шара барысында Астана саябағында 9 алаңда шығармашылық көріністер көрсетілді, түрлі ойындар ойнатылды, кітап көрмесі, «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды. Ертегі кейіпкерлері балаларға түрлі викториналар сұрақтар, ойындар жүргізді. Оқырмандарға қалалық кітапханалардың визиткалары, жарнамалық буклеттер, QR кітаптар көрсетілген кітап бетбелгілері таратылды.

Алаңдар тізімі: 

  • «Ұлт жауһарлары» алаңы;
  • «Коворкинг» алаңы;
  • «Библиокафе» алаңы;
  • «Караоке» алаңы;
  • «Поэзия» алаңы;
  • «Дебат» жастар алаңы;
  • «Пресс-студия» алаңы,
  • «Ертегілер әлемі» алаңы;
  • «Букроссинг» алаңы көрініс табады.

 

Сонымен қатар жаз айларында әр аптаның сенбі күндері ашық алаңдарда, яғни «Абай» гүлзары, «Әдебиет» аллеясы, «Триатлон» саябағы, «Зеңбірек» ескерткіші алаңы (Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының алаңы) және Астана саябағында кітап оқу күндері ұйымдастырылады. Барша қала тұрғындарын кітап оқуға шақырамыз!

 

1305251

1305252

1305253

1305254

1305255

1305256

1305257

1305258

1305259

   

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09