31 наурыз күні Қарғалы тұрғын үй алабындағы №6 модельді кітапханада «Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық» тақырыбында ақын, ҚР мәдениет саласының үздігі, «Жұлдызым», «Ақын мен ақыл» жыр жинағының авторы, ҚР жазушылар одағының мүшесі Қожабекова Жұлдыз Қазиханқызымен кездесу кеші өткізілді.
Мақсаты: Жастардың кітап оқуға, өлең жазуға деген ынтасын ояту. Оқырмандардың поэзия арқылы сезімін, өмірге көзқарасын, құндылықтарын дамыту.
Шараға «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Бисенгалиева Гүлжайна Қаздукқызы қатысты. Шара барысында Үлгілі «Жыр жауһар» поэзия үйірмесінің оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. «Ақын – елдің ардағы» атты кітап көрмесі таныстырылды. Ақын өз жырынан өлең шумақтарын тарту етті. «Геолог» мәдениет үйінің әншілері келіп әндерін шырқады. Әнші сазгер Мұратбек Қаражон Жұлдыз Қазиханның сөзіне жазылған «Туған жерге тағзым» өлеңін орындады. Ақынға оқырмандар сұрақтарын қойып ақпараттар алды.

