16 қазан күні М.Ломоносов ат.қалалық орталық кітапханада «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ жылдық қорытынды есебі өтті.
Жиынға «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Бисенгалиева Г.К., қалалық мәдениет үйлерінің директорлары қатысып кітапхана жүйесінің жыл бойы атқарған жұмыстарының қорытындысымен танысты.
Жиын барысында кітапхана жүйесінің жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижелері, оқырмандарға көрсетілген кітапханалық-ақпараттық қызметтер, жүзеге асырылған жобалар мен мәдени-көпшілік іс-шаралар, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар және алдағы кезеңге арналған жоспарлары таныстырылды.
Сонымен қатар кітапхана қызметін жаңғырту, заманауи ақпараттық технологияларды енгізу, оқырман сұранысын қанағаттандыру және кітапхананың қоғамдағы рөлін арттыру мәселелері бойынша ақпарат берілді.

