Кітапхана 1975 жылдың 17 ақпанында Ақтөбе аудандық кітапхана ретінде «Геолог» мәдениет үйінде ашылған. Кітапхана «Геолог» мәдениет үйінің жалпы ауданы 25м. кв. екі бөлмесінде орналасқан. Кітапхананың жалпы қоры 2500 кітапты қамтылған. 1978 жылдың 14 наурызында кітапхана Ақтөбе аудандық балалар кітапханасы болып қайтадан ашылып, оқу залы мен абонемент бөлімі жұмыс жасады.
Кітапхана меңгерушілері болып жұмыс жасағандар: Лайкина Дина Назиповна, Байгужинова Ұлжан Айтуғановна, Сармағанбетова Күмісай Жұмашевна, Евтушенко Мария Петровна, Рымбу Светлана, Манепова Алма, Ищанова Канымша Шамшаевна.
1997 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап кітапхана қалалық мәдениет бөлімінің бақылауына ауыстырылып, өз алдына 2 қабатты ғимаратқа көшірілді. 1997 жылдан бастап «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ №6 филиалы болып жұмыс жасайды.
2008 жылы кітапхана күрделі жөндеуден өтіп, №6 Қарғалы елді-мекенді «модельді» кітапханасы болып ашылды.
Қарғалы тұрғын үй алабындағы №6 модельді кітапхананың меңгерушісі Қобландина Ләззат Ғизатқызы
Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен жайы: Қарғалы тұрғын үй алабы, Сәтпаев көшесі 77