Жарық тұрғын үй алабындағы №7 кітапхана 1966 жылдан бастап жұмыс жасауда. Сол кездегі құс фабрикасының директоры Фурсова Валентина Николаевна жұмысшылар үшін кәсіподақ ұйымының атынан осы кітапхананы ашқан. 1980 жылы кітапхана Қарғалы ауылдық округіне ауыстырылды. Кітапханашы болып Л.Дильман, В.Д.Емельяновалар жұмыс жасады. Н.Д.Мовила 1986-2011 жылдар аралығында кітапхана меңгерушісі қызметін атқарды.
Кітапхана жатақхананың жалпы көлемі 30 ш.м. 2 бөлмесінде орналасқан болатын. 2011 жылдың күзінен № 41 қазақ орта мектебінің төменгі қабатынан 20 орындық оқу залы бар, жалпы көлемі 56,8 ш.м. жерге орналастырылды. 2012- 2015 жылдар аралығында кітапхана меңгерушісі Алмағамбетова Шынар болды. 2016-2020 жж. Абдыразакова Бибатпа Куантаевна, 2019 жылдан бастап кітапхана меңгерушісі Кенетаева Базаркул Бимухамбетовна қызмет атқаруда.
Жарық тұрғын үй алабындағы №7 кітапхананың меңгерушісі Кенетаева Базаркул Бимухамбетовна
Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен жайы: Жарық тұрғын үй алабы, Новостройка көшесі 99