24 мамыр күні Триатлон саябағында қала күніне орай жергілікті ақындардың қатысуымен «Ақтөбе деп жыр жазамын» атты поэзия-party ұйымдастырылды.
Негізгі мақсаты қала тұрғындары мен қонақтарын кітап оқуға баулу, жастардың рухани мәдениетін арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар заманауи және классикалық әдебиетті насихаттау, оқырман мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және зияткер ұлт тәрбиелеуге өз үлесін қосу. Кітаптың адам өміріндегі маңызын дәріптеу, жас буынды көркем әдебиетке қызықтыру, бос уақытты пайдалы әрі мазмұнды өткізуге ынталандыру көзделді.
Кеш барысында Нұрлыбек Қалауов, Гүлімай Әбішқызы, Талғат Тілеулесов, Есенбек Жұмағалиев, Гүлжаһан Төреханова, Жарқынай Жұбатова өз өлеңдерін оқыды.
Сонымен қатар қала кітапханаларының оқырмандары ақындардың өлеңдерін оқып, «Ер Едіге» жыр мектебінің оқушылары жырдан шашу шашты. Қалалық көркемсурет лицейінің оқушылары алаңда сурет салып, бас жүлдені Мушенок Таисия, 1 орынды Бөдес Мөлдір, 2 орынды Төлеу Диана, Самбаева Ардақ, 3 орынды Ищанова Амира, Досжан Диана иеленді.
Ақтөбенің көрнекті жерлерінің сурет галереясы, түрлі кітап көрмелері ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасады.







