• 11.jpg
  • 12.jpg
  • 24.jpg
  • 35.jpg
  • __-.jpg
  • __.jpg
  • ___.jpg

Til qazyna  

7448

   

10 тамыз күні қалалық кітапханашылар Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен және Ақтөбе қалалық мәдениет мекемелері жүйесінің ұйымдастыруымен Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жыл мерейтойына орай өткен «Абай күні» әдеби фестиваліне қатысты.

          Кітапханашылар кеңейтілген кітап көрмесімен таныстырып, ақынның қарасөздеріне түсініктеме берді. Абай аудармаларына тоқталып, «Абай әлеміне саяхат» көрмесін насихаттады.

          Заманауи кітап кафесі ұйымдастырылып электронды кітаптардың артықшылықтары, кең таралған Абай шығармаларының QR форматтары көрсетілді. Ақынның өлеңдері жатқа айтылды. Абай шығармашылығынан үзінді оқыған тұрғындарға ұлттық тағамдар ұсынылды.

          Интеллектуалды ойын алаңында ПДФ панель қойылып «Тұлғаны таны?», «Сөзді тап», «Кездейсоқ дөңгелек», «Абайды білесің бе?» ойындары ойналып, Абай шығармашылығына қатысты ерекше фактілер, қысқаша ақпараттар айтылды. Қатысушылар жасырылған суреттер арқылы әнді тауып караоке арқылы бірге шырқады.

 

1

2

3

4

5

6

7

8

   

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09