9 қазан күні №5 С.Я.Маршак атындағы қалалық балалар кітапханасында «Оқитын өлке» акциясы аясында жазушы, сатирик Үмбетбай Уайдиннің 90 жылдығына орай ҚР Мәдениет қайраткері, сатирик, актер Жұбатқан Нұрлыбек Хайруллаұлымен «Қазақтың моралисі» атты сыр-сұхбат өтті.
Шара барысында «Ер Едіге» жыр мектебінің ұстазы, жыршы Әділбек Мұхидуллаұлы жазушының сөзіне жазылған «Шалқар вальсі» әнін орындады. Серіктес мекеме Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжінің оқырмандары Нұрлыбек Хайруллаұлының «Әскердегі бір күн» және «Ауылдағы айтқыштар» атты шығармаларынан сахналық қойылым қойды. Сонымен бірге №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің оқырмандары Үмбетбай Уайдиннің «Тұрыңдар мұғалім келе жатыр» өлеңін мәнеріне келтіріп айтып берді. Шараның құрметті қонағы Нұрлыбек Жұбатқан оқырмандардың қойылған сұрақтарына жауап берді. Шара соңында Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлнара Нохымқызы сөз сөйлеп белсенді қатысқан оқырмандарды алғыс хаттармен марапаттап, қонақтарға сыйлықтар табыстады.






