14 сәуір күні №1 Абай ат.қалалық кітапханада «Келбет» talking жобасының кезекті кездесуі кітапхана саласында ұзақ жылдар абыройлы еңбек етіп, білім мен мәдениеттің дамуына үлес қосқан ардақты жан Гүлстан Ғимранқызына арналды.
Шараға Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ оқушылары мен ұстаздары және Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты. Шараны «Шығармашылық Академиясының» домбыра үйірмесінің жетекшісі Мадибек Алтынбаев Құрманғазының «Серпер» күйімен ашып берді. 7а сынып оқушысы Сабыржанова Бота ақын Нұрлыбек Қалауовтың «Біз - оқитын өлкенің тұрғынымыз» атты өлеңін оқыды.
Журналист, тележүргізуші, ақпарат саласының үздігі Гүлназ Әлімгерей анасына арнап жылы лебізін білдіріп бейне-жолдауы көрсетілді. Кеш қонағы өзінің өмір жолын айтып, қызықты сәттерімен естеліктерімен бөлісті. 9 сынып оқушысы Ерікқызы Айару «Жақсы адамдарым» әнін айтып, оқушылар өз сұрақтарын қойып, «Өлке рухы-ақындар жүрегінде» атты кітап көрмесі жасақталды. Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азамттардың арнаулы кітапханасының кітап қорын толықтыру бөлімінің меңгерушісі Дәметкен Әбдуәлиева келіп ізгі тілегін арнап, гүл шоқтарын ұсынды. Шара соңында Гүлстан Ғимранқызына гүл шоқтары мен сый табысталды.

