16 – 23 сәуір аралығында Ұлттық кітап күніне орай Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде кітап апталығы ұйымдастырылды.
Апталықтың басты мақсаты оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және рухани құндылықтарды насихаттау.
Апталық аясында түрлі мазмұнды іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, «Ұлттық кітап күні: рухани мұраға тағзым» атты кітап көрмесі, «Өткен мен бүгінді жалғаған алтын көпір» атты сирек кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға соңғы әдеби жаңалықтар таныстырылды. Сонымен қатар, әдеби сұхбат, әдеби вернисаж, онлайн телемост, оқырмандар күні өткізіліп, қатысушылар өз білімдерін сынап, белсенділік танытты.
Жас оқырмандар «Өлең оқы, ой бөліс» тақырыбында таза ауада өзі сүйіп оқитын ертегі, өлеңдер оқып, балалардың кітап оқуға деген ынтасы арттырылды. Апталық барысында кітапхана қызметкерлері оқырмандарға кітап таңдауда бағыт-бағдар беріп, оқу мәдениеті туралы кеңестер ұсынды.
Кітап апталығы жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.

