• 11.jpg
  • 12.jpg
  • 24.jpg
  • 35.jpg
  • __-.jpg
  • __.jpg
  • ___.jpg

Til qazyna  

7448

   

20 мамыр күні Ақтөбе қаласының құрылған күніне орай онкүндік аясында қалалық кітапханалардың ұйымдастыруымен М.Ломоносов ат.қалалық орталық кітапханада «Қала шежіресі кітап беттерінде» атты ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты - туған өлкенің тарихын, мәдениеті мен рухани мұрасын насихаттау, қала тарихына қатысты әдебиеттерді көпшілікке таныстыру және қала тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Көрмеге қала тарихы, өлкетану, мәдениет, әдебиет және белгілі тұлғалар туралы кітаптар қойылып, оқырмандар назарына тарихи деректер ұсынылды. Шара барысында кітапханашылар келушілерге кітаптарға шолу жасап, қала шежіресіне қатысты қызықты мәліметтермен бөлісті. Қала тұрғындарымен бірге поэзия оқылды. Жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары насихатталып, оқырмандарға қалалық кітапханалардың визиткалары, жарнамалық буклеттер, QR кітаптар көрсетілген кітап бетбелгілері таратылды.

Кітап көрмесі келушілердің қызығушылығын тудырып, жастар мен қала тұрғындарының рухани-мәдени демалысына ерекше әсер сыйлады.

    

   

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09