3 қазан күні Құрашасай тұрғын үй алабындағы №11 модельді кітапхананың құрылғанына 10 жыл толуына орай «Даналық мекені - кітапхана» атты мерекелік кеш өткізілді.
10 тамыз күні қалалық кітапханашылар Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен және Ақтөбе қалалық мәдениет мекемелері жүйесінің ұйымдастыруымен Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жыл мерейтойына орай өткен «Абай күні» әдеби фестиваліне қатысты.
Кітапханашылар кеңейтілген кітап көрмесімен таныстырып, ақынның қарасөздеріне түсініктеме берді. Абай аудармаларына тоқталып, «Абай әлеміне саяхат» көрмесін насихаттады.
24 мамыр күні Триатлон саябағында қала күніне орай жергілікті ақындардың қатысуымен «Ақтөбе деп жыр жазамын» атты поэзия-party ұйымдастырылды.
Негізгі мақсаты қала тұрғындары мен қонақтарын кітап оқуға баулу, жастардың рухани мәдениетін арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар заманауи және классикалық әдебиетті насихаттау, оқырман мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және зияткер ұлт тәрбиелеуге өз үлесін қосу. Кітаптың адам өміріндегі маңызын дәріптеу, жас буынды көркем әдебиетке қызықтыру, бос уақытты пайдалы әрі мазмұнды өткізуге ынталандыру көзделді.