5 ақпан күні №2 А.С.Пушкин ат.қалалық кітапханада 2 ақпан - Ұлттық баспасөз күніне арналған «Жаңалық жаршысы - ертеңнің сәулесі» тақырыбымен Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығының баспасөз маманы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Қонақбаева Нұргүл Ысқаққызымен сыр-сұхбат  өтті.

Мақсаты: Баспасөз қызметкерлерінің еңбегін насихаттау, сөз құдіретін, журналистиканың қоғамдағы рөлін көрсету.

Шара барысында Нұргүл Ысқаққызы журналистикаға қалай келгендігі жөнінде, алғашқы мақаласы жарық көргенде қандай сезімде болғаны туралы айта кетті. Сіз үшін ең қиын, бірақ ең есте қалған материал, қалам - аманат, осы жауапкершілікті қалай сезінесіз, қазіргі жас журналистерге қандай кеңес бересіз, бір мақаламен қоғамды өзгертуге бола ма және т.б. сұрақтарға жауап берді. «Ұлттық баспасөздің тарихы» атты бейнеролик көрсетілді. «ЖИ-ге қарап сөзді тап!» ойыны ойнатылды. Журналистің мерзімді басылым беттеріндегі мақалаларынан «Баспасөз - қоғам айнасы» атты көрме жасақталды. Н.Ысқаққызы жазушы Ромен Ролланның «Жан Кристоф» кітабын кітапханаға сыйлады.

22 қаңтар күні Алтынсарин көшесінде орналасқан Қазақстан аялдамасында қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Аялдамадағы әдеби әлем» жобасының ашылуы өтті.

Жоба мақсаты кітап оқуды насихаттау – кез келген адамның кітапқа қолжетімділігін арттыру. Қоғамдық мәдениетті дамыту. Қала тұрғындарының автобус күту уақытын тиімді өткізуге ықпал ету.

Шараға қала тұрғындары мен кітапхана оқырмандары қатысты.

28 қаңтар күні М.Ломоносов атындағы  қалалық орталық кітапханада композитор, өнер зерттеуші Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ғасырлар пернесі – ғибрат ғұмыр» атты оқырман конференциясы өтті.

Шараның мақсаты – қазақ музыка мәдениетінің көрнекті өкілі, ұлт руханиятының шамшырағы Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа оның ғылыми-зерттеушілік еңбегі мен өнердегі мол мұрасын таныту.

«Ахмет Жұбанов – қазақ музыка ғылымының негізін қалаушы» атты ақпарат тыңдалып, «Ұлт руханиятындағы Жұбанов мұрасы» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылып, «Ғалым еңбектерінің бүгінгі маңызы» атты бейнеролик көрсетілді.