ЖАҢАЛЫҚТАР
- Толығырақ
- Автор: admin1
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 147
27 наурыз күні М Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада Ақтөбе қаласының 155 жылдық мерейтойы аясында «Дарабоз» жастар жобасының ұйымдастыруымен «Үйренерім көп менің» атты жас кәсіпкерлермен кездесу кеші өткізілді. Мақсаты: Ақтөбе өңірінде ісін өрге дөңгелеткен жас кәсіпкерлердің тәжірибесімен бөлісіп, жеткен жетістіктерін жастарға, кітапхана оқырмандарына насихаттау. Кәсіппен айналысуға құштар жастардың өз бетінше маркетингтік стратегияларды және бизнес-жоспарды жасау бойынша бағыт-бағдар беріп, сұхбат жүргізу.
Кеш қонақтары Кубланов Мират Муратович тіс дәрігері, Алматова Жұлдыз Камеловна сабыннан букеттер, түрлі тәттілер жасау кәсіп иесі, Жоламан Ерназ, Жоламан Елназ құмыра жасау кәсібі, Бижанов Бақыт жылжымайтын мүлікті жалға беру компаниясының басшысы болды.
Кеш барысында кәсіпкерлер өз кәсібінің қыр-сырларымен, жеткен жетістіктерімен, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Кітапхана оқырмандары өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Кәсіпкерлердің сатудағы шапшаңдығы мен қабілетін анықтау мақсатында «Сату сағаты» ойыны ұйымдастырылды. Кәсіпкерлерге кітаптар таратылды. 5 минут уақыт беріліп, жарнамалап, сату ұсынылды.
Кітапхананың тұрақты оқырманы Мәулетшәріп Құсбек ән шашуын тарту етті. «Кәсіп - бақыттың шырағы, еңбек - ырыстың бұлағы» атты кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды.
Шара соңында қонақтарға Абай Құнанбаевтың Қара сөздері жинақталған кітабы сыйға табысталды.
- Толығырақ
- Автор: admin1
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 165
13 наурыз күні №2 А.С.Пушкин атындағы қалалық кітапханада «Ұлттық жеңсіздің сән үлгілері» мерекелік дефиле мен «Дарынды шәкіртке – талантты ұстаз» атты Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе сервис колледжінің» арнайы пәндер оқытушысы, зерттеуші-педагог Избаева Айгүл Нұртайқызымен кездесу өтті. Мақсаты: Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе сервис колледжінің» арнайы пәндер оқытушысы, зерттеуші-педагог Избаева Айгүл Нұртаевнамен таныстыру. Мамандық таңдау кезінде оқырмандарға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Жасөспірімдердің өзінің сүйікті ісін болашақ мамандығына айналдыру. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру. Кітапхананы насихаттай отырып, кітап оқуға, ізденуге қызығушылығын арттыру.
«Ақтөбе сервис колледжінің» «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу мамандығы, біліктілігі «тігінші және арнайы тігінші» мамандығының студенттері қазақтың ұлттық жеңсіздерімен заманауи ұлттық киімдерден сән үлгілерін көрсетті. Зеріттеуші-педагог Айгүл Нұртайқызы өзінің жұмысымен өнер жолы туралы айтып, оқырмандармен шебер класы өткізді. Сонымен қатар «Өнерлінің қолын ұста, өнегелінің жолын ұста», «Красота спасет мир» атты кездесуге келген тұлғаның жетістіктері туралы көрмелер ұйымдастырылды, қонағымызды таныстыруға арналған бейнеролик көрсетілді. Шараға «Қазақстан Ақтөбе» телеарнасы келді.




- Толығырақ
- Автор: admin1
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 184
Ақтөбе қаласындағы қара шаңырақ, руханиятымыз бен мәдениетіміздің алтын ордасы – М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапхананың ашылғанына 80 жыл! Аталған кітапхана бүгінге дейін сындарлы сәттерде сынып кетпей, талай тар кезеңді артқа тастап, халық үшін қалтқысыз қызмет етіп келеді.
80 жылдық мерекеге орай М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада «Шырағы биік киелі ордаға 80 жыл!» атты апталық болып өтті. Төрт күнге жалғасқан шарада жас ұрпаққа кітаптың қадірі мен қасиетін, оның мол қазынасын ұғындыру, рухани орданың тарихын дәріптеп оқырмандар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастырумен қатар кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі кездесулер, ақын-жазушылармен конференция, жастармен дебат, Тахауи Ахтанов театрының қызметкерлерімен сыр-сұхбат ұйымдастырылды.















