ЖАҢАЛЫҚТАР
- Толығырақ
- Автор: admin1
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 166
11 маусым күні «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Ақтөбе қаласының 155 жылдығына және «KitapFest – 2024» кітап фестиваліне орай Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы алаңына «Кітапхана әдебиет әлемінде» атты поэзия кешін ұйымдастырып «Эко гараж» безендірді.
Қурайлы тұрғын үй алабындағы №8 модельді кітапхананың жанынан құрылған «Шығармашылық шеберхана» үйірмесі, Сазды тұрғын үй алабындағы №10 модельді кітапхананың «Қылқалам» үйірмесі, Нокин тұрғын үй алабындағы №12 кітапхананың «Өз қолыңмен» үйірмесі қатысушыларының қолдан жасалған бұйымдарынан көрме жасақтады (табиғи заттар, пластик, ағаш, түрлі қағаз т.б.). Сонымен қатар кітапханашылар келушілердің кітап фестивалінен естелікке суретке түсу үшін мүмкіндігінше заманауи фотозона құрастырды.
Шара барысында алаңда жергілікті жазушы Сағадат Ордашевамен сыр-сұхбат өтіп, шығармашылық көріністер көрсетілді, поэзия оқылып, түрлі ойындар ойналды.
- Толығырақ
- Автор: admin1
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 187
23 мамыр күні сағат 17.00 – 21.00 аралығында Триатлон саябағында «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қолдауымен «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының құрылғанына 155 жыл толуына орай «Кітапхана әдебиет әлемінде» атты кейіпкерлер түні мен поэзия кешін ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты: қала тұрғындары мен қонақтарын, жастарды кітап оқуға құмарлығын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін арттыру және заманауи жаңа кітаптарды насихаттау.
Шара барысында алаңдарда «Абай және Пушкин», «Шығармашылық алаңы», балаларға арналған «Ғажайыптар алаңы», «Поэзия алаңы» ұйымдастырылып, әдеби шығармалардан көріністер көрсетілді. Әр алаңда ерекше форматта өткізілген, оқырманға рухани білім мен демалыс сыйлаған тағылымды шаралар өз оқырмандарын қызықтырып, ерекше көңіл күйге бөледі. Түрлі викториналар, ойындар оқырмандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жанға жайлы демалыспен қатар рухани нәр берер кітаптармен кеңінен танысуға мүмкіндік берді. Шығармашылық алаңында жазушы Зияш Телеуованың «Махаббаттың ажалы» шығармасынан үзіндісі көпшіліктің көңілінен шығып, керемет әсер сыйлады.
Сырға толы кеш барысында қаламыздың өлең сүйер оқырмандары Астана саябағында бас қосты. Ашық аспан астында, еркін форматта ұйымдастырылған поэзия кешіне поэзия клубтары да қатысты. Сонымен қатар қағаз бен қаламды жанына серік еткен ақындар Лаура Палман, Гүлжайнар Қалдина т.б. оқырман қауымы өз өлеңдерімен халықтың жүрегінен орын алды.
«Букроссинг» көрмесі, «Абайды оқы, таңырқа!», «Он наш поэт, он – наша слава!», «Поэзия – тұтас өнер», «Болашағы жарқын, елдің ұрпағымыз» атты тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылып, қалалық кітапханалардың жадынамалары, жарнамалық парақшалары ұсынылды.
- Толығырақ
- Автор: admin1
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 162
12 сәуір күні №3 қалалық кітапхана Бопай ханым атындағы жоғары медицина колледжінде 1 курс студенттерімен Ақтөбе қаласының құрылғанына 155 жыл толуына және «Айналдым Ақтөбе» әніне 25 жыл толуына орай «Ақындар жырлаған туған өлке» атты сыр-сұхбат өткізді.
Кеш қонағы болып өлкемізге танымал, ҚР Құрметті азаматы, Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі ақын-журналист, сазгер, 2024 жылғы Жаңа Қазақстанның Жыл Адамы Аймаханова Гүлсамал Төрединқызы қатысты. Студенттер ақынның «Көкемарал» туындысынан «Дос қайда?», «Ауылға хат», «Арман», «Қазақ қызымын» өлеңдерін оқып берді. Ақын Гүлсамал Төрединқызы ақындық жолы, өмірі, жазылған өлең туралы, қазақ ақындары Қазақстанның Халық жазушысы Т.Молдағалиевтің бір ауыз алғысөзімен республикалық «Жалын» журналына өлеңдері тұңғыш шыққандары туралы, М.Ақдәулетұлы, Е.Дүйсенбай ақын, жазушылар туралы айтып берді. Ақтөбе қаласының 155 жылдығымен құттықтай отырып «Ақтөбе - бақытым» атты жыр шумағын оқып, оқырмандар сұрақтар қойып, 2023 жылғы қараша айында шыққан «Сартай батыр мың бала» атты тарихи туындысына тоқталып өтті.

