ЖАҢАЛЫҚТАР
- Толығырақ
- Автор: admin1
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 213
07 қараша күні №5 С.Я.Маршак атындағы қалалық балалар кітапханасында кітапхананың құрылғанына 60 жыл толуына орай «Білімнің ғажайып ордасы» атты салтанатты кеш өтті.
Кештің құрметті қонақтары жазушылар одағының мүшесі, ақын, сазгер, аудармашы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі», тележурналист Г.Т.Аймаханова және ұзақ жыл кітапхана саласында қызмет жасаған зейнеткерлер келіп өздерінің жылы лебіздерін айтты. Облыстық Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасының директоры Кашкенова Э.С. және «Қалалық қазақ зағиптар қоғамы мәдениет үйінің» директоры А.Жарылқасынұлының құттықтау тілектері әнмен жалғасты. Кеш барысында серіктес №12 және №33 орта мектептердің оқырмандары күй тартып, би билеп өнерлерін көрсетті. Сонымен бірге серіктес мекемелердің басшыларының атынан кітапханаға алғыс хаттар табысталды. Қорытынды сөзді «ҚОКЖ» КММ директоры Салиева Г.Н. сөз сөйлеп алғысын білдірді.
- Толығырақ
- Автор: admin1
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 173
Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгінін ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол - кітапханашы.
Кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай 2024 жылдың 24 қазанында М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада «Парасаттың көкжиегін кеңейткен» атты мерекелік шара өтті.
Шара барысында Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы Ершеге Манас кітапханашыларды ақпараттық-мәдени ортаны қалыптастырудағы жеке еңбек және шығармашылық үлестері үшін алғыс хатпен марапаттады.
Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдер бөлімінің басшысы Бисенғалиева Гүлжайна кітапханашылар қауымын құттықтап, қала кітапханаларының мәдениет пен әдебиетке қосып келе жатқан зор үлестерімен қатар, білім шырақшылары ретіндегі еңбектерін атап өтті.
Құжаттарды өңдеу және сақтау бөлімінің кітапханашысы Сатуалдын Жадра Елеусиновна Қазақстандық Кітапханалық Одақ атынан «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісін иеленді.
- Толығырақ
- Автор: admin1
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 186
26 қыркүйек күні №1 Абай атындағы қалалық кітапханада Еңбек күніне орай ҚР еңбек сіңірген қызметкері, қосымша білім беру педагогы, «Еңлік» үлгілі би ансамблінің көркемдік жетекшісі, хореограф Байдильдинова Гульнар Вахитовнамен «Би өнері - әлемнің елшісі» тақырыбында сыр-сұхбат өтті.
Шараға Шығармашылық академиясының домбыра үйірмелерінің жетекшілері Теңел Омаров пен Нұртай Қайыржан «Туған жер» әнімен шашу шашты. Көрермендерге шара қонағының өмір жолына арналған бейнесюжет экран арқылы көрсетілді. Сұхбат әрі қарай қонаққа сұрақтар қоюмен жалғасты. Талай додаларда топ жарған, халықаралық, республикалық конкурс, фестивальдарда өнер көрсетіп жүрген шәкірттері үлгілі «Еңлік» би ансамблі «Еңлікгүл» биін билеп берді. Шара соңына қарай домбыра үйірмесіне қатысушылар Бейжігіт Алишер Нұрпейіс Байғаниннің «Еңбек термесі», Қазбек Хамитов Мұхиттің әні «Көк айдай» әнін шырқап берді.
Шара соңында кітапхана қызметкерлері тамаша кештің куәгерлері болған барша көрермендер мен шараға қатысушы Гульнар Вахитовнаға алғыс білдірді.

