• 11.jpg
  • 12.jpg
  • 24.jpg
  • 35.jpg
  • __-.jpg
  • __.jpg
  • ___.jpg

Til qazyna  

7448

   

23 мамыр күні сағат 17.00 – 21.00 аралығында Триатлон саябағында «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қолдауымен «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының құрылғанына 155 жыл толуына орай «Кітапхана әдебиет әлемінде» атты кейіпкерлер түні мен поэзия кешін ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты: қала тұрғындары мен қонақтарын, жастарды кітап оқуға құмарлығын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін арттыру және заманауи жаңа кітаптарды насихаттау.

Шара барысында алаңдарда «Абай және Пушкин», «Шығармашылық алаңы», балаларға арналған «Ғажайыптар алаңы», «Поэзия алаңы» ұйымдастырылып, әдеби шығармалардан көріністер көрсетілді. Әр алаңда ерекше форматта өткізілген, оқырманға рухани білім мен демалыс сыйлаған тағылымды шаралар өз оқырмандарын қызықтырып, ерекше көңіл күйге бөледі. Түрлі викториналар, ойындар оқырмандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жанға жайлы демалыспен қатар рухани нәр берер кітаптармен кеңінен танысуға мүмкіндік берді. Шығармашылық алаңында жазушы Зияш Телеуованың «Махаббаттың ажалы» шығармасынан үзіндісі көпшіліктің көңілінен шығып, керемет әсер сыйлады.

Сырға толы кеш барысында қаламыздың өлең сүйер оқырмандары Астана саябағында бас қосты. Ашық аспан астында, еркін форматта ұйымдастырылған поэзия кешіне поэзия клубтары да қатысты. Сонымен қатар қағаз бен қаламды жанына серік еткен ақындар Лаура Палман, Гүлжайнар Қалдина т.б. оқырман қауымы өз өлеңдерімен халықтың жүрегінен орын алды.

«Букроссинг» көрмесі, «Абайды оқы, таңырқа!», «Он наш поэт, он – наша слава!», «Поэзия – тұтас өнер», «Болашағы жарқын, елдің ұрпағымыз» атты тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылып, қалалық кітапханалардың жадынамалары, жарнамалық парақшалары ұсынылды.

12 сәуір күні №3 қалалық кітапхана Бопай ханым атындағы жоғары медицина колледжінде 1 курс студенттерімен Ақтөбе қаласының құрылғанына 155 жыл толуына және «Айналдым Ақтөбе» әніне 25 жыл толуына орай «Ақындар жырлаған туған өлке» атты сыр-сұхбат өткізді.

Кеш қонағы болып өлкемізге танымал, ҚР Құрметті азаматы, Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі ақын-журналист, сазгер, 2024 жылғы Жаңа Қазақстанның Жыл Адамы Аймаханова Гүлсамал Төрединқызы қатысты. Студенттер ақынның «Көкемарал» туындысынан «Дос қайда?», «Ауылға хат», «Арман», «Қазақ қызымын» өлеңдерін оқып берді. Ақын Гүлсамал Төрединқызы ақындық жолы, өмірі, жазылған өлең туралы, қазақ ақындары Қазақстанның Халық жазушысы Т.Молдағалиевтің бір ауыз алғысөзімен республикалық «Жалын» журналына өлеңдері тұңғыш шыққандары туралы, М.Ақдәулетұлы, Е.Дүйсенбай ақын, жазушылар туралы айтып берді. Ақтөбе қаласының 155 жылдығымен құттықтай отырып «Ақтөбе - бақытым» атты жыр шумағын оқып, оқырмандар сұрақтар қойып, 2023 жылғы қараша айында шыққан «Сартай батыр мың бала» атты тарихи туындысына тоқталып өтті.

27 наурыз күні М Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада Ақтөбе қаласының 155 жылдық мерейтойы аясында «Дарабоз» жастар жобасының ұйымдастыруымен «Үйренерім көп менің» атты жас кәсіпкерлермен кездесу кеші өткізілді. Мақсаты: Ақтөбе өңірінде ісін өрге дөңгелеткен жас кәсіпкерлердің тәжірибесімен бөлісіп, жеткен жетістіктерін жастарға, кітапхана оқырмандарына насихаттау. Кәсіппен айналысуға құштар жастардың өз бетінше маркетингтік стратегияларды және бизнес-жоспарды жасау бойынша бағыт-бағдар беріп, сұхбат жүргізу.

Кеш қонақтары Кубланов Мират Муратович тіс дәрігері, Алматова Жұлдыз Камеловна сабыннан букеттер, түрлі тәттілер жасау кәсіп иесі, Жоламан Ерназ, Жоламан Елназ құмыра жасау кәсібі, Бижанов Бақыт жылжымайтын мүлікті жалға беру компаниясының басшысы болды.

Кеш барысында кәсіпкерлер өз кәсібінің қыр-сырларымен, жеткен жетістіктерімен, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Кітапхана оқырмандары  өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Кәсіпкерлердің  сатудағы шапшаңдығы мен қабілетін анықтау мақсатында «Сату сағаты»  ойыны ұйымдастырылды. Кәсіпкерлерге кітаптар таратылды. 5 минут уақыт беріліп, жарнамалап, сату  ұсынылды.

Кітапхананың тұрақты оқырманы Мәулетшәріп Құсбек ән шашуын тарту етті. «Кәсіп - бақыттың шырағы, еңбек - ырыстың бұлағы» атты кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды.

Шара соңында  қонақтарға Абай Құнанбаевтың Қара сөздері жинақталған кітабы сыйға табысталды.

   

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09