БАСТЫ
- Толығырақ
- Автор: admin1
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 247
23 сәуір күні Астана саябағында Ұлттық кітап күніне орай «Кітап-даналық кілті» атты кітап фестивалі ұйымдастырылды.
Фестивальдің негізгі мақсаты: қала тұрғындары мен қонақтарын кітап оқуға баулу, жастардың рухани мәдениетін арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар заманауи және классикалық әдебиетті насихаттау, оқырман мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және зияткер ұлт тәрбиелеуге өз үлесін қосу. Шара аясында кітаптың адам өміріндегі маңызын дәріптеу, жас буынды көркем әдебиетке қызықтыру, бос уақытты пайдалы әрі мазмұнды өткізуге ынталандыру.
- Толығырақ
- Автор: admin1
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 206
19 сәуір күні М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, драматург Қуандық Шаңғытбаевтың 100 жылдығына орай «Маржан жырдың мәртебелі дегдары» атты кездесу кеші өтті.
Шараның мақсаты: Оқырмандарға Қарабұтақ өлкесінің төл перзенті, тума талант, дарынды ақын Қуандық Шаңғытбаевтың өмірі мен шығармашылығынан жан-жақты мағлұмат беру, ақынның әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, жас буынға рухани тәрбие беру және ұлттық әдебиетіміздің көрнекті тұлғасын таныту.
- Толығырақ
- Автор: admin1
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 207
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Қай салада болсын, жанқиярлық еңбек пен табандылық қана жеңіске жетелейді. 17 қаңтар күні М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада Қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау мақсатында «Ел ертеңі өркендеуге бағдар» дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Толығырақ: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады

