• 11.jpg
  • 12.jpg
  • 24.jpg
  • 35.jpg
  • __-.jpg
  • __.jpg
  • ___.jpg

Til qazyna  

7448

   

Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгінін ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол - кітапханашы.

Кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай 2024 жылдың 24 қазанында М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада «Парасаттың көкжиегін кеңейткен» атты мерекелік шара өтті.

Шара барысында Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы Ершеге Манас кітапханашыларды ақпараттық-мәдени ортаны қалыптастырудағы жеке еңбек және шығармашылық үлестері үшін алғыс хатпен марапаттады.

Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдер бөлімінің басшысы Бисенғалиева Гүлжайна кітапханашылар қауымын құттықтап, қала кітапханаларының мәдениет пен әдебиетке қосып келе жатқан зор үлестерімен қатар, білім шырақшылары ретіндегі еңбектерін атап өтті.

Құжаттарды өңдеу және сақтау бөлімінің кітапханашысы Сатуалдын Жадра Елеусиновна Қазақстандық Кітапханалық Одақ атынан «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісін иеленді.

26 қыркүйек күні №1 Абай атындағы қалалық кітапханада Еңбек күніне орай ҚР еңбек сіңірген қызметкері, қосымша білім беру педагогы, «Еңлік» үлгілі би ансамблінің көркемдік жетекшісі, хореограф Байдильдинова Гульнар Вахитовнамен «Би өнері - әлемнің елшісі» тақырыбында сыр-сұхбат өтті.

Шараға Шығармашылық академиясының домбыра үйірмелерінің жетекшілері Теңел Омаров пен Нұртай Қайыржан «Туған жер» әнімен шашу шашты. Көрермендерге шара қонағының өмір жолына арналған бейнесюжет экран арқылы көрсетілді. Сұхбат әрі қарай қонаққа сұрақтар қоюмен жалғасты. Талай додаларда топ жарған, халықаралық, республикалық конкурс, фестивальдарда өнер көрсетіп жүрген шәкірттері үлгілі «Еңлік» би ансамблі «Еңлікгүл» биін билеп берді. Шара соңына қарай домбыра үйірмесіне қатысушылар Бейжігіт Алишер Нұрпейіс Байғаниннің «Еңбек термесі», Қазбек Хамитов Мұхиттің әні «Көк айдай» әнін шырқап берді.

Шара соңында кітапхана қызметкерлері тамаша кештің куәгерлері болған барша көрермендер мен шараға қатысушы Гульнар Вахитовнаға алғыс білдірді.

11 маусым күні «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Ақтөбе қаласының 155 жылдығына және «KitapFest – 2024» кітап фестиваліне орай Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы алаңына «Кітапхана әдебиет әлемінде» атты поэзия кешін ұйымдастырып «Эко гараж» безендірді.

Қурайлы тұрғын үй алабындағы №8 модельді кітапхананың жанынан құрылған «Шығармашылық шеберхана» үйірмесі, Сазды тұрғын үй алабындағы №10 модельді кітапхананың «Қылқалам» үйірмесі, Нокин тұрғын үй алабындағы №12 кітапхананың «Өз қолыңмен» үйірмесі қатысушыларының қолдан жасалған бұйымдарынан көрме жасақтады (табиғи заттар, пластик, ағаш, түрлі қағаз т.б.). Сонымен қатар кітапханашылар келушілердің кітап фестивалінен естелікке суретке түсу үшін мүмкіндігінше заманауи фотозона құрастырды.

Шара барысында алаңда жергілікті жазушы Сағадат Ордашевамен сыр-сұхбат өтіп, шығармашылық көріністер көрсетілді, поэзия оқылып, түрлі ойындар ойналды.

   

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09