• 11.jpg
  • 12.jpg
  • 24.jpg
  • 35.jpg
  • __-.jpg
  • __.jpg
  • ___.jpg

Til qazyna  

7448

   

26 қаңтар күні №1 Абай атындағы қалалық кітапханасының  ұйымдастыруымен Ақтөбе өңірінен шыққан талантты, белгілі тұлғаларды насихаттау мақсатында «Келбет» talking  жобасы аясында Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Жұлдызым» және «Ақын мен ақыл» кітаптарының авторы  Қожабекова Жұлдыз Қазиханқызымен «Келбет пен кеудедегі үн» атты ашық сұхбат  кездесу өтті. Кездесу кешіне Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің саз бөлімі, қазақ тілі және әдебиет, бастауыш білім беру, дене шынықтыру топ студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында ақын, айтыскер туралы шығармашылығы өмірі туралы бейнероликтер көрсетіліп,  саз бөлімінің студенті Серік Жұлдызай «Гүлмін»,  №30 орта мектеп 8 «а» сынып оқушысы Жақсығалиев Ерасыл халық әні «Жадаукөк» әндерін орындады. «Айсын» радиожурналистика  мектебінің оқушысы Бағжан Қайратқызы ақынның «Жусан жыр» өлеңін мәнерлеп оқыды. «Өлке рухы ақындар жүрегінде» кітап көрмесі жасақталды.

24 қазан – Кітапханашылар күніне орай 24 қазан күні Қарғалы тұрғын үй алабындағы №6 модельді кітапханада «Сан ғасырдың құпиясын сақтаған» атты мерекелік шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – кітапханашылар еңбегінің қоғамдағы маңызын насихаттау, рухани және мәдени құндылықтарды сақтаудағы кітапханашылардың рөлін атап өту, сондай-ақ сала мамандарына құрмет көрсету.

15 қазан күні М.Ломоносов атындағы  қалалық орталық кітапханада «Жүз кітап – жүз тағдыр, жүз ғибрат» атты ашық пікір алаңы өтті. Шарада 100 кітап жалпыұлттық сауалнамасы аясында кітапхана оқырмандары мен кітапсүйер қауым бас қосты. Оқырмандарға «Ұлт рухын оятқан - 100 кітап» кітап көрмесі жасақталып үш тілде таныстырылды. С.Елубаев «Ақ боз үй», Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесін», Ш.Мұртаза «Ай мен Айша», Б.Майлин «Шұғаның белгісі», Б.Момышұлы «Ұшқан ұя», Т.Айбергенов «Бір тойым бар» Ж.Аймауытов «Ақбілек» т.б. романдары талданды.

   

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09