БАСТЫ
- Толығырақ
- Автор: admin1
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 10
16 қаңтар күні №1 Абай ат.қалалық кітапханада ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуымен қатар «Абай» интерактивті Смарт жобасының бастау алуына байланысты кітапханада «Ғасырлар үндестігіндегі рухани мұра» атты мерекелік шара өткізілді. Шараға кітапхана оқырмандары мен серіктес мектеп оқушылары, кітапхана қызметкерлерімен қатар Абайтанушы, зейнеткер Қуанышбай Көнтай ағай, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері, абайтанушы Ермұқан Қыдырғали Мухитұлы, Жұбанов университетінің қазақ әдебиет кафедрасының оқытушысы, PhD Сұлтанғалиева Ольга Қашымқызы, «Айсын» радиожурналистика мектебінің негізін қалаушы Байтакова Айсын Мүрсінқызы қатысты. Келген қонақтар мен оқырмандар Абай Құнанбаев туралы өз ойларын, пікірлерін жастарға насихаттады. Оқушылар Абайдың өлеңдерін жатқа айтып, домбырамен күйлер орындалып, әндер шырқалды. Шара соңында қатысушыларға шағын сыйлықтар берілді.
- Толығырақ
- Автор: admin1
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 11
23 сәуір күні Астана саябағында Ұлттық кітап күніне орай «Кітап-даналық кілті» атты кітап фестивалі ұйымдастырылды.
Фестивальдің негізгі мақсаты: қала тұрғындары мен қонақтарын кітап оқуға баулу, жастардың рухани мәдениетін арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар заманауи және классикалық әдебиетті насихаттау, оқырман мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және зияткер ұлт тәрбиелеуге өз үлесін қосу. Шара аясында кітаптың адам өміріндегі маңызын дәріптеу, жас буынды көркем әдебиетке қызықтыру, бос уақытты пайдалы әрі мазмұнды өткізуге ынталандыру.
- Толығырақ
- Автор: admin1
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 11
19 сәуір күні М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, драматург Қуандық Шаңғытбаевтың 100 жылдығына орай «Маржан жырдың мәртебелі дегдары» атты кездесу кеші өтті.
Шараның мақсаты: Оқырмандарға Қарабұтақ өлкесінің төл перзенті, тума талант, дарынды ақын Қуандық Шаңғытбаевтың өмірі мен шығармашылығынан жан-жақты мағлұмат беру, ақынның әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, жас буынға рухани тәрбие беру және ұлттық әдебиетіміздің көрнекті тұлғасын таныту.